Қоғам

Жалғыз басты жанның қуанышы

Қарияның достары көздеріне ыстық жас алды. Өйткені, осы уақытқа дейін Алексей Руденконы өлдіге санап жүріпті. Арнамыздан көрсетілген сюжеттен кейін, жерлестеріміз қайта қауышты.

Валентина Баравская.

-Мен барлық әріптестерімізге хабар бердім. Алексейдің дін-аман екенін, оны муниципалдық телеарнадан көргендігімді айттым. Сөйтіп, әріптесімізбен қайта дидарласу үшін муниципалдық телеараның редакциясына хабарластым. Міне, біз жүздестік. Сіздерге айтар алғысымыз шексіз.

Әріптестер өздерінің бірге жұмыс істеген қызықты сәттерін де еске алды. Олар Алексей Руденконың мейірімді және еңбекқор екенін айтты.

Татьяна Игнаткина.

-Біз Лешамен көп жыл бірге істедік. Ол темір жол вокзалындағы мейрамханада жабдықтаушы болды. Ұжым өте ұйымшыл болатын. Бірақ, темір жол вокзалында біраз жыл қызмет етсек те бүгінде олардан түк көмек жоқ. Енді ең болмағанда, Лешаға қол ұшын берсе дейміз.

Жалғыз басты қария достарымен осылай кездесемін деп ойламапты. Бірақ, әріптестеріне деген сағыныштың оты әр дайым маздап тұратын дейді.

Алексей Руденко, І-ші топтағы мүгедек.

-Сендерді әр дайым еске алып отырдым. Мені теледидардан көрсеткен соң, табатындарыңа сенімім мол болды. Сөйтіп, дүйсенбі күні таң ертең маған Валентина қоңырау шалды. Қуанышымда шек болмады. Сендер келеміз деген соң, әр минутты санаумен өткіздім. Міне сол сәтте келді. Мені ұмытпағандарыңа рахмет.

Кембағал жанның әріптестері құр қол келмепті. Сөйтіп, Алексей Руденко әріптестерін ас бөлмеге шайға шақырды.

Тірі адам тіршілігін жасайды демекші, сәбише еңбектеген қария дәл осылай жүріп, үй шаруасын жасайды. Сағынып, қауышқан әріптестерінің әңгімесі дастархан басында жалғасты.

 

 

Бану Ахметова.