Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Мен чемпион» жобасы қайтадан қолға алынды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-СҚО мұндай тәжірбие болды және маңыздылығын дәлелдеді. Ойын Петропавл қаласында өтті. Қазір бұл жарыстарды облыс деңгейінде өткіземіз. Бұл үлкен қозғалыс. Жобаға 12- мен 14 жас аралығындағы балалар тартылады.

Аталмыш ойындарға 12 мен 14 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысатын болады. Муниципалдық арна ұсынған жоба 3 кезеңде өткізілмек. Алғашқы сайыс аз күндерден соң, оқушылардың күзгі демалысында бастау алуы тиіс.

Шолпан Каринова- СҚО білім басқармасының басшысы.

-Ойындардың алғашқы кезеңінің қашан өткізілетіндігі анықталды. Ол оқушылардың күзгі демалыстарында яғни, қарашаның 5-і мен 12 аралығында өтеді. Бұдан соң қаңтардың 3-і мен 11-і кезінде аудандық және қалалық кезеңдер ұйымдастырылады. Ал қорытынды ойындар оқушылардың көктемгі демалысында, яғни 21-ші наурыз бен 1-ші сәуір аралығында өткізіледі.

Жобаны ұсынған Евгений Сазанов оның жүзеге асуына қолдау білдірген облыс әкіміне және нұротандықтарға өз алғысын білдірді. Кейін жиналғандардың назарына ойындардың ғаламтордағы парақшасын көрсетті. Арнайы сайтта «Мен чемпион» жобасы жайлы керек ақпаратты алуға болады. Онда қатысатын командалар, ойындардың нәтижесі және турнир кестесі сынды бар ақпаратты табуға болады.

Евгений Сазанов- «СҚО әкімдігінің Муниципалдық телерана» ЖШС директоры.

-Сайтта командалар өздерінің қарсыластары жайлы, ойын жайлы ақпарат қалдыра алады. Бұл парақшада құрамаларға ойынға қатысу жайлы өтінішті электорынды түрде рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан басқа сайыстар жайлы ақпараттарды да осында табуға болады. Ойындардың бейне нұсқалары да осында салынады.

Бұдан өзге әлеуметтік желілерде «Мен чемпион» жобасының арнайы топтары құрылып, “Ютубта” интернет-канал ашылған. Осы ретте, аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Анархан Дүйсеноваға сайыстарды өткізу жоспарын даярлап, демеушілер табуды жүктеді.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Міне ойындардың өтуіне аз уақыт қалды. Сондықтан қаржылай қолдау қажет болады. Ол үшін демеуші іздеу керек. Қажетті заттарды алып, күзгі демалыстарда ойындарды тиісті деңгейде ұйымдастыру қажет.

Ойындардың алғашқы кезеңінде 3900 солтүстікқазақстандық оқушы өз бағын сынаса, үздік деп танылған 972-сі екінші кезеңге жолдама алады. Ал ақтық ойындарда 3 қалалық және 13 аудандық құрама өкілдері, яғни 192 оқушы сынға түспек. Облыс әкімі ауқымды спорттық шараға барлығы бір жағадан бас бір жеңінен қол шығарып, белсенді ат салысуы тиіс деді. Әсіресе дене шынықтыру және спорт басқармасына жүктелетін міндет салмақты. Жарыстарды ақапарттық насихаттау шаруасы да кең көлемде жүргізу тапсырылды. Сондықтан өңір жектешісі Ерік Сұлтанов бұл жұмыстарға республикалық БАҚ өкілдерін де тарту керектігін айтты.

 

 

Магжан Ахмадина.