Аслан Асылбеков – боксшы, Петропавл қаласы.
-Қарсылас боксшы мықтылығын көрсетті. Екеуіміз техникалық жағынан бірдейміз, ал физикалық тұрғыдан ол шамалы әлсіздеу екен. Жұдырықтасу кезінде өз тарапымнан біраз соққыларды жіберіп алдым.
Жалпы бокстан ұйымдастырылып отырған облыстық чемпионатқа өңір аудандары мен Петропавл қаласының спорт мектебінен 107 жеткіншектер қатысып отыр. Барлығы 9 команда 10 салмақ дәрежесі бойынша мықты былғары қолғап шеберін анықтамақ. Ал осы жарыста 1-ші және 2-ші орыннан көрінген спортшылар өңір намысын республикалық жарыста қорғайтын болады.
Айта кету керек, облыстық чемпионат 4 күнге жалғаспақ. Осы сында жеңіске жеткен жас боксшылар диплом және медальмен марапатталады.
Бакыт Садуакасов.