МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ Әскери институтында Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбындағы семинар өтті

Сәуле Сүлейменова – Конфессияаралық және этносаралық қатынастарды зерттеу қоғамдық бірлестігі орталығының төрайымы.

 

-Семинардың тақырыбы “Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және олармен күресудің өзекті мәселелері”. Ұлттық Ұланның міндеті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан осы сұрақтар мен мәселелер олар үшін өзекті болып табылады.

Семинарға қатысқан Петропавл гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі Ермек Тұрсымбаев қазіргі таңда терроризмнің өзекті мәселе болып тұрғанына тоқталды. Сондықтан, бүгінде діни экстримизмнің алдын алу бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде.

Ермек Тұрсымбаев – Петропавл гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі.

-Терроризмнің алдын алу мақсатында облыс бойынша прокуратура органдарымен ғаламторларда экстремизм мен терроризмді насихаттау материалдарын анықтау, жарылғыш заттарды қолдан жасап таратушыларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мысалы 2013 жылы әскери прокуратура органдары сотқа 37 арыз берген, оның ішінде 14-і ғаламторлардағы сайттарды жабуға бағытталған.

Расында да қазіргі уақытта діни экстримизм мен терроризмнен төнетін қауіп жоғары. Соның бір айқын дәлелі Ливия, Сирия елдеріндегі оқиғалар. Сонымен қатар елімізде де, атап айтсақ Тараз, Алматы қалалары мен батыс аймақтарда орын алған жағдайларды назардан тыс қалдырмаған жөн.

 

 

Риат Шони.