Қоғам

Күзгі әскерге шақыру маусымы басталды

Абай Калиев, әскерге шақырылушы, Петропавл қаласы.

-Дәрігерлерлік тексерістерден өттім. Денсаулығым жақсы. Мен ҚР мемлекеттік күзет қызметіне шақырту алдым.

Күзгі шақырылымда облыстан 700 бозбала әскер қатарына алынбақ. Қазір Отан алдындағы борышын атқаратын ер жігіттердің баратын әскери бөлімдер анықталыпты. Олардың 200-і Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамын толықтыратын болды.

Амангелді Дүйсекин, СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие, әлеуметтік және психологиялық істер жөніндегі орынбасары.

-500 солтүстікқазақстандықты әскери құрылымдарға жібереміз. ҚР мемлекеттік күзет қызметіне – 20 адам, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне- 200 адам. ҚР ІІМ ҰҰ- 300-ге тарта адам. Тағы 20-сы ҚР Төтенше жағдайлар бойынша комитетіне аттанбақ.

Міндетті әскери қызметке қабылданбас бұрын жігіттердің білімдері мен олардың алған мамандықтарына, физикалық даярлықтарына жіті көңіл бөлінеді.

 

 

Берик Касен.