Билік

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы құрылысы аяқталмаған бірқатар нысандарда болып қайтты

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-20-ы өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Міне сонда өз жобаларыңызды ұсыныңдар.

Аймақ басшысы серіктестікке бидай егу үшін жер алып, сонымен қоса мал шаруашылығымен айналысу керек екенін айтты. Бұл тұрғыда билік тарапынан көмек көрсетіледі. Ал диірмен кешені қараша айында ашылады деп күтілуде.

Рудик Арутюнян – «Петромали компании» ЖШС директоры.

-Біз бидайды өңдеп, күніне 75 тонна ұн шығаратын боламыз. Бұл орында сонымен қатар 10 мың тонналық қойманың құрылысын аяқтаймыз.

Одан соң өңір басшысы «Лес Пром Строй Петропавловск» ЖШС ат басын бұрып, бөрене мен діңгекті ағаштан жасалатын өнім түрлерін байқады. Қайта құру жұмыстары жүріп жатқан серіктестіктің жобасын да 20-шы қазан өтетін өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына енгізу керек.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Біз бұл жерге мемлекеттік бағдарлама бойынша жол төсеп, электроэнергия мен кәріз құбырын, су желісін тарта аламыз, бірақ ол үшін сіз өңірлік үйлестіру кеңесіне келіп, жобалық-сметалық құжатты тапсыруыңыз қажет. Онда бизнес-жоспар, жұмыс істейтін адам саны, инвестиция көлемі бәрін де көрсету керек.

Ал «Алаугаз – СК» ЖШС керамикалық кірпіш өндірумен айналыспақшы. Бұл үшін Қытайдан 150 мың АҚШ долларының құрылғысы алынған. Цех құрылысына серіктестік 40 млн. теңге жұмсаса, мемлекет тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен тағы да 14,5 млн. теңге бөлінген.

Келесі кезекте, Ерік Сұлтанов «Север Интеркабель» ЖШС электротехникалық өнімдерді көтерме және бөлшектеп сату қоймасында болды. Мұнда қазір кеңсе мен қойманың құрылысы жүріп жатыр және 2017 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл күні облыс әкімі 20-шы шағын ауданында құрылысы басталған мәдени-сауықтыру кешеніне ат басын бұрды. 2016 жылы бұл орында фитнес, 3-4 кино залы, балалар алаңы бой көтермек. Бірақ қазір несие алу мәселесі шешілмей отыр. Құжаттары банктің қарауында болғандықтан, іс толық қарқынмен атқарылмай отыр. Және де субсидия беру проблемасы бар, облыс әкімі бұл мәселелер жақын арада шешілетінін айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Нысанды 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру керек. Бұл қиынға соғуы мүмкін, бірақ үлгеруге болады. Ең бастысы осы айда қаржыландыру мәселесін қарастыру қажет. Ал субсидияға келетін болсақ, біз бұл проблеманы тез арада шешеміз.

Осы күні аймақ жетекшісі Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс басында болды. Іргетасы қаланып жатқан кешеннің құрылысына республикалық қазынадан 253 млн. теңге бөлінген. Жыл соңына дейін бұл қаржы игеріліп, нысан пайдалануға берілуі керек.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бұл нысан жыл соңына дейін тапсырылуы керек екенін естен шығармаңыздар. Тапсыру мерзімі 25-ші желтоқсаннан кешікпеуі керек, ерте болса одан да жақсы. Құрылысқа қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Сондықтан да кешігуге болмайды.

Құрылысшылар белгіленген межені уақтылы орындау үшін аянбай еңбек етуде. Мақсат бір – қаржыны толық игеріп, кешенді халық игілігіне тапсыру.

 

 

 

Риат Шони.