Алексей Кулешов, Ресей Федерациясының азаматы.
-Бала шағымда туған қалам Рязаньды автобус, тролейбустармен аралағанды ұнататынмын. 16 жасқа толғанымда мен әкеммен Мәскеуге еріп бардым, онда Рязаньға қайтар жолда электричкадан қалып қойып, автостоппен үйге қайтуымызға тура келді. Міне, содан бері менің жолшыбай көліктерді тоқтатып әлемді тануға деген қызығушылығым арта түсті.
Тәжірибелі саяхатшы Алексей ұзақ сапарға 23 келі ал, Алёна 14 келіден артық зат алмайды.
Алексей Кулешов, Ресей Федерациясының азаматы.
-Сөмкемізді шатыр, ыстық тамақ әзірлейтін қазанша мен шағын газ балоны бар плитамен жарақтадық. Біз оны әсіресе, табиғат аясында тамақ әзірлегенде пайдаланамыз. Тағы ұйықтайтын қаптөсегіміз, ауыстыратын киімдеріміз бар. Қалтамызда міндетті түде төлқұжат жүреді. Онсыз ешқайда бара алмайсың.
Саяхатшылар тұрақтайтын баспананы “couchsurfing.com” (коучсёрфинг.ком)) сайты арқылы табады. Қонатын жерлері болмаса, ауа райына қарамастан табиғат аясында не қала іргелерінде шатыр тігіп, сонда қонуға мәжбүр.
Алёна Кулешова, Ресей Федерациясының азаматшасы.
-Біз ертең Қытайға сапар шегеміз. Аспан асты елінде 1 айға тұрақтап, кейін тізім бойынша Вьетнам, Камбоджа, Тайланд, Малазия, Индонезия елдерін аралаймыз. Онан соң Мьянма қаласына тұрақтап, ол жердің көркем жерлерін аралаймыз, тарихын танып білеміз. Кейін соның негізінде Мьянма қаласы туралы кітап жазбақшымыз. Өйткені, бүгінде ол шаһар жайында мағлұмат тым аз. Жалпы біз Оңтүстік шығыс Азия елдерінде 10 ай боламыз.
Сәтін салып, денсаулық жараса, ерлі-зайыптылардың бұл сапары әлі 5 жылға дейін жалғасады. Олар келешекте дамыған елдерді аралап, кейін туған қаласы Рязанға оралып, балалы болуды армандайды.
Берик Касен.