Денсаулық сақтау

Тұмауға қарсы екпе науқаны басталды

Юрий Пузиков, СҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

-Бірінші кезекті медицина қызметкерлері, интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері егіледі. Сонымен қатар жүрек-қан тамыр жүйелері зақымдалған науқастар, жүкті әйелдер де назарсыз қалмайды. Бұлардың бәріне де тұмауға қарсы алдын алу шаралары тегін жүргізіледі.

Көбіне, тұмауды иммунитеті енді қалыптасып келе жатқан балалар жұқтырады. Оларда назарға алынған. Мәселен қаламыздағы 23 мыңнан аса балаға медициналық көмек көрсететін мына емхана 6 мың данадан астам вакцина алған. Бірақ, екпе жұмыстары тек 1 жасқа дейінгі балаларға жүргізіледі. Тұмаудан сақтанғысы келетін өзге тұлғалар ақылай егілулеріне болады.

Юрий Пузиков, СҚО бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары.

-Облысымыздың жол патрульдік қызметі, банк, темір жол вокзалының басшылары қаражат бөліп, өз қызметкерлерінің денсаулығын ойлап, вакцина алады. Күзгі уақытта гриппке шалдығу қаупі зор. Сондықтан да бәрі мүмкіндігінше егілуі керек.

Алдын алу науқаны басталғалы облыста 5 мыңнан астам адам егілген. Ал, тұмауды жұқтырғандар әлі тіркелмекпті.

 

 

Бану Ахметова.