МТРА жаңалықтары

“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ арқылы жыл басынан бері 500-ден астам өңір тұрғыны жеңілдетілген несие алған

Жасұлан Қариев, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ бас несие менеджері.

-“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ “Егінжай”, Кәсіпкер”, “Сәтті-Мурабаха”, “Жұмыспен қамту жол картасы-2020” бағдарламалары бойынша жеке және заңды тұлғаларды қаржыландырады. Қарыз өз жұмысын ашу немесе кеңейту не сату сферасынан басқа айналым құралдарын толықтыру мақсатында беріледі. 3 млн. теңгеге дейінгі қарызды біз 54 айға береміз. Қарыздың сыйақы мөлшері 6 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, елімізде биылдан бастап сүт-тауар фермасын ашу және оны дамытуға, оған қажетті құрылғылар сатып алуға бағытталған жаңа “Ырыс” бағдарламасы іске қосылған.

Анна Сазонова, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау” АҚ СҚФ несие бөлімінің жетекшісі.

-Аталмыш жобаның арқасында сүтті бағыттағы ірі қараның басын 50-ден 100-ге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Осы бағдарлама бойынша берілетін несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 11 пайызды құрайды. Сондай-ақ, мөлшерлемені 7 пайызға дейін төмендетіп, субсидия беру қарастырылған. Қарыз 84 айға беріледі.

Бүгінде “Ырыс” бағдарламасы аясында өңірде жалпы сомасы 65 500 000 теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылған.

 

 

Берик Касен.