Құқық қорғау органдары

ІІД-де қылмыстық іздестіру қызметінің мамандары марапатқа ие болды

Бүгінде оның ІІО еңбек өтілі 17 жылдан асады. Осы уақыттың ішінде ол мыңнан астам қылмыстың бетін ашуға септесті. Өз ісіне деген адалдығы мен кәсібилігі үшін Айдарбек Ғабдуллин Ішкі істер министрлігінің марапатына ие болды. Оған Қылмыстық іздестіру қызметіне 96 жыл толуына орай «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі үздік қызметі үшін» медалі табыс етілді.

Айдарбек Ғабдуллин – Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары.

-Бүгін – мен үшін өте қуанышты күн. Ішкі істер департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін. Оларға денсаулық, жұмыстарына табыс тілеймін.

Жалпы салтанатты жиын барысында қызметінде ерекшеленген 27 үздік жедел уәкіл марапатқа ие болды. Оларға Ішкі істер министрлігі мен ішкі істер департаментінің Мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын ведомство басшысы-полиция генерал-майоры Берік Біләлов табыс етті. Қылмыстық іздестіру қызметінде үздік танылған тағы бірқатар азамат алғыс хаттарға қоса ақшалай сыйақыларға ие болды. Осы орайда Ішкі істер департаментінің бастығы мерекемен ардагерлер қауымын да құттықтады.

Берік Біләлов – СҚО Ішкі істер департаментінің бастығы.

-Біздің ардагерлеріміз бен келіп отырған құрметті қонақтарға денсаулық тілеймін. Сіздердің бізге көрсетіп жатқан қолдауыңызға алғысымыз шексіз.

Облыс аумағында жедел уәкілдердің көмегімен жыл басынан бері 4 мыңнан астам қылмыстың беті ашылған.

 

Сагыныш Маркашева.