Балалар

Балаларға арналған емдеу және ойын-сауық орталығы ашылды

– Маған үлкен түрлі-түсті жылан, сиқырлар және би ұнады.

– Шарлармен көрсетілген сиқыр өте қызықты болып көрінді. Бәрі де өте қатты ұнады.
Қойылған концерттен тек балалар ғана емес, ата-аналардың да алған әсері мол.

Оксана Вальчугова – ата-ана.

-Мұндай керемет орталықтың бізде ашылуы – айтулы оқиға. Ішінде жасалған жағдай көңілімізден шықты.

Орталықты ашуға “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры көмектескен.

Галина Бондаренко – “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының директоры.

 

-Біз орталықтың 20-шы ықшам ауданда бой көтергеніне қуаныштымыз. Бүгін балақайлардың өте көп жиналғанына қарап бұл орталықтың текке ашылмағанына көзіміз жетіп отыр. Бұдан былай шоу-бағдарламаларды жиі өткізуге тырысамыз.

Мерекелік шараның соңында бүлдіршіндер тәттіден ауыз тиді.