Әр түрлі

Қазан айы күздің қара суығымен танылады

-Менің ойымша бұл айда ауа райы жылы болады. Өйткені суық күндерден шаршадық.

 

-Бұл ай суық болады. Себебі күн бүлініп барады. Жауындарда көп жауатын болады.

-Қазан жылы болады. Жылы күндердің көп болғанын қалаймын.

Ал синоптиктердің болжамы бойынша, бірінші онкүндіктің екінші жартысында түнде ауа температурасы 0..5, кей жерлерде 8 аязға дейін суытады. Күндіз сынап бағанасы 3..8 градус жылылықты кей жерлерде 0 градусты көрсетеді. Бүкіл қазан айы бойы ауаның орташа температурасы климаттық нормаға сай 2…3 градус жылы болады. Сонымен қатар жауын-шашын да нормаға сай 23…37 мм шамасында жауады деп күтілуде.

Татьяна Марьина – “Қазгидромет” РМК СҚОФ метеорологиялық болжау бөлімінің инженер-синоптигі.

-Бірінші онкүндіктің басында кей жерлерде тұман мен жауын болуы мүмкін. Екінші және үшінші онкүндіктерде жауын-шашын жиі жауады. Осы ай бойына батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 метр-секундқа дейін жетеді.

Десе де, екінші онкүндіктің соңында ауа райы жылынуы мүмкін. Тарихқа үңілетін болсақ қазан айында ең соңғы рет 1997 жылы ауа температурасы +26 болған, ал ең суық күн ретінде 1940 жылдың 31 қазаны тарихта қалды. Онда сынап бағанасы -25 градусты көрсетіпті.

-Қазан – күздің екінші айы. Бұл айда ауа райы алдамшы болады. Сол орайда солтүстікқазақстандықтарға жылырақ киіну керек. Сонымен қатар бас киімді де ұмытпаған жөн.

 

 

Риат Шони.