МТРА жаңалықтары

Салиқалы таңдау, сындарлы шешім

Асқар Сақыпкереев – Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

-Бүгін енді облыстық сайлау комиссиясы күнтізбелік жоспарына сәйкес өз жұмысын атқарып жатыр. Бірлескен сайлаушылардың осындай жиналысында бүгінгі күні сенат парламентының депутатына дауыс беріп жатырмыз. Біздің облыстан екі үміткер оған қатысқан.

Сенат депутаттарының сайлауына теріскейден 2 кандидат түсті. Олар – Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Владимир Отрадных пен облыстық статистика басқармасының басшысы Ольга Перепечина. Сайлау шымылдығын бірінші болып ашқандардың бірі – қалалық мәслихаттың депутаты – Владимир Эрман болды.

Владимир Эрман – Қалалық мәслихаттың депутаты.

-Таңдауымды жасадым. Дауысымды лайықты азаматқа бердім деп есептеймін.

Марат Балтабаев – Уәлиханов аудандық мәслихатының депутаты.

-Уәлиханов ауданынан 12 аудандық мәслихаттың депутаты, және 1 облыстық мәслихаттың депутаты барлығымыз толық келдік, науқанға қатысуға. Бұл сайлаудан біз көп үміт күтеміз. Елімізде жаңа өзгерістер пайда болатынына кәміл сенеміз. Үміткерлердің екеуі де жоғары палатаға лайықты деп есептеймін.

Саяси науқанның әділ өтуін қадағалау үшін, Петропавлдағы сайлау учаскесіне Ресей Федерациясының Түмен және Қорған облыстарынан 9 байқаушы арнайы келді.

Игорь Халин – Халықаралық байқаушы.

-Сайлау барлық талаптарға сай өтіп жатыр. Ешқандай қателік орын алған жоқ. Жұмыстар кестеге сай жүргізіліп жатыр. Жалпы саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырлған.

Айта кету керек қазір дауыс санау процессі басталды.

 

 

Самат Джакупов.