Құқық қорғау органдары

“Үлгілі аула” байқауы қорытындыланды

Алмас Сейпиев, 1-ші полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

-Байқауға барлық аула ат салысты.

4 айдың ішінде полицейлер облыс орталығындағы барлық аулаларды аралады. “Үлгілі” деген атаққа солардың ішінде тек 6 алаң таңдап алынды. Нәтижесінде байқауды ұйымдастырушылар Мир көшесі, 286 мекен-жайындағы ауланы үздік деп жариялады.

Мұндағы тұрғындар ауланы абаттандыру мен оның тазалығына ерекше көңіл бөледі. Тәртіп жағында ұмытпайды. Және тұрғындар ауланың маңайына ағаш пен гүл отырғызған. Қолдан әтеш, белтемір мен түрлі жануарлардың мүсіндерін жасапты.

Любовь Рыбачок.

-Біз осындай құрметке ие болғанымызға қуаныштымыз. Ауланы тазартып, оны әсемдеуге барлық тұрғын ат салысты. Еңбегіміз зая кеткен жоқ.

Туған қалаңа деген сүйіспеншілігің таза ауладан басталады дейді мұндағылар. Сөйтіп, жеңімпаз ауланың тұрғындарына тәртіп сақшылары грамота және жалауша табыстады.

 

 

 

Бану Ахметова.