МТРА жаңалықтары

Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы бастау алды

Шараға кәсіпорынның дамып-өркендеуіне үлесін қосқан, қазірде құрметті еңбек демалысында жүрген 220 аға буын өкілі шақыртылды. Серіктестік басшылығы қарттарға ақшалай сыйақы табыстады. Мереке қарсаңында сумен қамтушы мекеме өкілдері конференция өткізіп, серіктестіктегі ардагерлер кеңесінің мүшелерін қайта сайлады. Сондай-ақ қарияларға арналған мерекелік дастарқан да жайылды.

Валентина Налимова – “Қызылжар су” ЖШС ардагерлер кеңесінің төрайымы.

-Біз кәсіпорында көп жылдар бойына еңбек еткен қарттарымызды қолдауды назардан тыс қалдырған емеспіз. Оларды әр мереке сайын құттықтап, көмек беріп тұрамыз. Қазіргі таңда серіктестікте қызмет етіп жүрген жастар қарияларға қолдан келгенше көмектесіп тұрады. Басшылықтың мейрам күні біздерді ұмытпай, құттықтап жатқандарына ризамыз.

 

Бакыт Садуакасов.