Орақ барысы

Ауыл шаруашылығы

14:41 1 Қазан 2014

Астықты орудан 91,4 пайызбен Жамбыл ауданы алда, қызылжарлықтар мен ақжарлықтардың да көрсеткіштер осыған жақын. Ал, әзірге, көштің соңында қалғандары – 76,2 пайызбен Мамлют және 77,1 пайызбен Шал ақын аудандары. Ал, алтын дәнді соғу бойынша Уәлиханов аудандарының азаматтары алдарына жан салар емес.

Теріскейліктер майлы дақылдарды да теріп үлгеруде. Бүгінде 342,6 мың гектар жердегі өнім шабылып, 116 мың гектарындағы майлы дақыл соғылған. Мұндағы шығымдылық гектарына 11,9 центнердің шамасында. Сондай-ақ, облыс бойынша 25,9 мың гектардан картоп, 4,9 мың гектардан көкөніс жиналды.

Данаш Хамзина.

Бұдан әрі оқыңыз

Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтілді
Аққайың ауданында сүт-тауарлық ферма ашылды
Неміс компаниясы тыңайтқыштың жаңа түрімен таныстырды