Бизнес және экономика

«Егінжай» бағдарламасының шарапатын көрген кәсіпкер

Мағжан Ахмадина- тілші.

-Іріктеліп, қапқа салынған мына картоп тұқымдыққа қалдырылған. Олар мұнда көктемге дейін сақталады. Ал мамыр айында кәсіпкер тағы 50 тонна көкөністі егуді жоспарлап отыр.

Әзірге кәсіпкердің өзіне тиесілі картоп сақтайтын орын жоқ. Бірақ олар «Люминас» ЖШС қоймасын жалға алған. Бизнесмен келешекте ісін дамыта түсуді көздеп отыр. Өйткені мемлекет ұсынып отырған қолдау жақсы дейді ол.

Талғат Жәнібеков- «Айлана» ЖК директоры.

-Ендігі жылы да 20-30 гектар картоп егу жоспарда бар. Тұқымдыққа да молынан қалдырып жатырмыз. Көктемге дейін осы өнімді сатып, алған несиені жабу керек. Бұдан бөлек осы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының ұсынған «Ырыс» атты бағдарламасына қатысып, 70 бас ірі қара алмақшымыз. Жалпы біздің шаруашылық Қызылжар ауданындағы Трудовая Нива ауылында орналасқан. Сол жерде осы ауыл шаруашылығын дамытпақпыз.

Жалпы ағымдағы жылы 95 солтүстікқазақстандық кәсіпкер «Егінжай» бағдарламасы бойынша 380 млн. теңге көлемінде несие алған.

Жәнібек Садиров- СҚО «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының менеджері.

-Қаржы сомасы 6 млнға дейін. 36 айға дейін беріледі. Мөлшерлеме 9,5 пайыз. Негізгі борыш пен сыйақы төлеу бойынша жеңілдік мерзімі 1 жылдан ұзақ, азық дақылдарын өсіру бойынша 18 айға дейін. Оны егін орағынан кейін өтеуге болады. Қаржыландырудың мақсаты, айналым құралдарын толықтыру, жанар- жағармай, тұқым, қосалқы бөлшектер және қызметкерлердің еңбекақысын ьөлеуге беріледі.

«Айлана» ЖК 8 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған. Егер кәсіпкердің екінші жобасы іске асса, тағы 10 шақты солтүстікқазақстандық екі қолға бір күрек таппақ.

 

 

Магжан Ахмадина.