Әр түрлі

Петропавл қаласында Ярослав Гашек көшесі, 1 мекен жайындағы қойма өртке оранды

Өрт сөндірушілер келген уақытта нысанның шатыры жанып жатады. Қызыл жалынды ауыздықтауға облыс орталығындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық құрамы, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» және де Оңтүстік-Орал темір жолы Петропавл станциясының ведомстволық өрт сөндіру командасы да жұмылдырылған.

Барлығы қызыл жалынмен күресуге 13 техника бірлігі мен жеке құрамның 63 маманы ат салысты. Сондай-ақ тілсіз жауды сейілту үшін қосымша “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серктестігінің 3 бірлік техникасы да тартылған. Барлығы өрт нысандағы 300 шаршы аумақты шарпыды.

 

Риат Шони.