Балалар

Өңірде алғаш рет “Жетістікке жол” байқауы өтті

Нұрболат Жанай – Байқауға қатысушы, Уәлиханов ауданы.

-Ата – бабамыздың кәсібін қайта жаңғыртсам деген ойым бар. Сондықтан бүгінгі байқауға осы жобаны ұсынып отырмын. қарсыластарымның барлығының дайындығы жақсы.

«Жетістікке жол» атты байқау 1- ші тамыздан басталған болатын. Іріктеу кезеңінде 11 азаматтың бизнес жобасы үздік деп танылды. Бүгін олар облыстық сайыста өзара бақ сынасуда. Айта кету керек жобаға қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігін, ауыл азаматтары құрап отыр.

Дархан Мұқашев – «Жастар кадр орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкері.

-Мұндай шара солтүстік қазақстанда облысында бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 11 азамат қатысуда. Барлығының дайындығы жақсы.

Байқау жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен өтті. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Самат Джакупов.