Спорт

Алексей Луценко Азия ойындарында алтын медаль ұтып алды

Жерлесіміз 42 км қашықтықтағы жекелей сында үздік атанды. Шабандоздың көрсеткен уақыты 50 минут 28 бүтін 78 секунд. Екінші орында Қырғызтандық Евгений Ваккер, ал үздік үштікті ирандық Хоссейн Аскари тұйықтады.

Спортшыны бұл жеңісімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов жеделхат арқылы құттықтады. Аймақ басшысы Алексейдің бұл жеңісін солтүстікқазақстандықтар үшін үлкен сыйлық, және де спортшының күні-түні аянбай тер төгуінің нәтижесі, елімізде велоспорт деңгейі көрсеткішінің өсуі деп атап өтті.

Сонымен қатар Ерік Сұлтанов Алексей Луценкоға зор денсаулық пен төзімділік тілеп, жерлестерінің оны мақтан тұтатынын еске салды. Облыс әкімі бұл жеңіспен “Астана” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты да құттықтады.

 

 

Риат Шони.