Білім

“Педагогикалық дуэт” кәсиби шеберлігінің облыстық байқауы өтті

Бұл тәжірибелі мұғалім Айтжан Әменова мен оның тәлімгері жас маман Алтыншаш Жексембаева. Ұстаздар Ақжар ауданындағы Май орта мектебінде жұмыс істейді. Тәжірибелі мұғалімнің аталған білім ошағында еңбек етіп жатқанына 32 жыл болыпты. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға демекші”, Айтжан Әменова тек бала тәрбиелеп қоймай, жас мамандарға да көмек беріп келеді.

Айтжан Әменова, Ақжар ауданындағы Май орта мектебінің бастауыш сынып оқытушысы.

-Ұстаз болуы оңай емес. Жас тәрбиеші маманға барынша тәжрибеммен бөлісіп келемін.

Байқауға бұл жұп жақсы дайындықпен келгендерін айтады.

Алтыншаш Жексембаева, Ақжар ауданындағы Май орта мектебіндегі шағын орталықтың тәрбиешісі.

-Жарысқа бір ай дайындалдық. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Педагогикалық дуэт сайысында ұстазадар өздерін таныстырып қана қоймай, байқаудың бірнеше сындарын бағындырды.

Мархаба Қуантаева,”Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалы директорының орынбасары.

-Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып,шығармашылық қабілеттерін көрсете білуі керек.

Байқауға қатысушыларды мектептердің ұжымдары онлайн режиміне шығып, қолдауға мүмкіндік алды. Мұндай техникалық көмекті “Қазақтелеком” АҚ өкілдері көрсетті. Олар білім беру саласына арналған “Облачный вебенар” интернеттік сервисін ашыпты.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” СҚ ОТД сауда директорының орынбасары.

-Бүгінгі күні білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиясыз жұмыс істеу қиын. Сондықтан біз “Облачный вебенар” сервисін ұсынып отырмыз. Ол арқылы аити мамандарын дайындауға мүмкіндік бар. Және электронды түрде өз партфолиосын, мектептердің сайтын ашып бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, “Қазақтелеком” АҚ өкілдері байқауға демеушілік көмек көрсеткен. Және сайыс соңында оған қатысушыларға сертификат табыстайды. Бұл “Облачный вебенар” сервисін 3 ай тегін пайдалануға мүмкіндік бермек.

 

 

Бану Ахметова.