Қоғам

Петропалдағы әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу берілді

Бұдан бөлек жылу 16 мәдениет ұйымында және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 3 нысанында пайда болды. Жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарына байланысты №2 орта мектепке жылу қазанның 1-іне дейін берілмек. Монополистер көп қабатты тұрғын үйлерге жылуды кесте бойынша бермек.

Қыркүйектің 26-сы сағат 18-00-де келіп түскен мәлімет бойынша, қаламыздағы 1036 көпқабатты үйдің 39%-ы яғни, 410-ына жылу берілді. Жылу маусымына әзірлік құжатын ресімдеу жұмыстары қазанның 1-іне дейін аяқталады. Алдын ала болжам бойынша, қыркүйектің 29-ы ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. Соған қарамастан 98 пәтер иелері коперативі жоспар бойынша жылуға қосылудан бас тартып отыр.

 

Берик Касен.