Билік

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарында болды

Мұхтар Махметов- «Лавровское» ЖШС басшысы,  Айыртау ауданы.

-Ауа райының қолайлылығына байланысты қазір барлық агрегаттар жүріп жатыр. 40 пайызға жуығын алдық. Егін өнімділігі – 16-17 центнер.

Ауданда картоп пен көкөніс шығымдылығы да жаман емес. Биылғы жылы олар 2,6 мың гектар аумаққа картоп отырғызып, оны толығымен жинап алған. Кездесуде Ерік Сұлтанов облыс бойынша күн сайын 170 мың тонна астық бастырылу керек деді. Бұл жердегі Айыртау ауданының үлесі 18-20 мың тоннаға тең болмақ. Өңір жетекшісі жұмыс қарқынын тездету қажеттігіне тоқталды.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Убирают сегодня 26 процентов влажности. Сейчас нет выбора, надо сушилки все по полной включить. Все спрашивают будет ли тут дизельное топливо – да, будет. Решение есть правительства – в начале октября будет.

Облысымызда туризм жақсы дамыған жалғыз жер осы – Айыртау ауданы. Өңір басшысы аудан азаматтарына қолда бар мүмкіндікті мейлінше кеңінен пайдаланып, алдағы уақытта демалыс орындарын көптеп ашуды жүктеді. Өйткені, онда туризмнің дамуы облыс экономикасының өрістеуіне деп ықпалын тигізбек.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Туризм – это тоже доход. Здесь у нас смогут найти 500-700 человек работу в туристической сфере. Сейчас мы разрабатываем мастер план. В первую очередь туризм в нашей области сосредоточен в Айыртауском районе – это самый красивый район с точки зрения природы.

Бұдан соң өңір жетекшісі «Златогорка», «Кирилловка Айыртау» ЖШС-не барды. «Златогорка» серікстестігі биылғы жылы 5 589 гектарға дәнді, 2400 гектар жерге майлы дақыл еккен.

Едірес Жанапин Айыртау ауданы, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

-Енді бір 10-15 күннің ішінде Алла жазса ауа райы жақсы болса бітіреміз деп ойлаймын. Жағар-жанармай бәрінде бар.

Айыртау ауданының диқандарымен кездесуде өңір басшысы мал шаруашылығын әлі де дамыта түсу керектігін айтты. Серіктестік басшылары алдағы жылдың сәуір айына дейін мемлекетттен субсидия алуға өтінім берулері қажет.

Ғабит Мүсірепов ауданында облыс әкімі ең алдымен «Раисовское» ЖШС-не соқты. Өсімдік және мал шаруашылығымен айналысуды мықтап қолға алған серіктестіктің ауыз толтырып айтарлық нәтижелері бар. Еншісіндегі аумақтың жалпы көлемі 17 мың гектарға жетеді. Дегенмен, Ерік Сұлтанов мекеме басшысына мұнымен шектелмеуді ескертті.

Владимир Коваленко – «Раисовское» ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Рапс собираем. В этом году урожайность 25 центнеров, провели диверсификацию посевов. Уже второй год мы занимаемся льном, и я думаю мы правильно сделали в плане финансов.

Ерік Сұлтанов Раисовка селосын аралап, ондағы тұрғындардың жағдайымен танысты. Ең алдымен бокс спорт мектебіне барды. Бұл жерде 8-18 жас аралығындағы 15 бала жаттығады. Мекеме қажетті спорт құрылғыларымен толық жабдықталған. Ауылдық мектепте 129 бала білім алса, оның ішіндегі шағын орталықта 15 бүлдіршін тәрбиеленуде. Одан қалды 25 орынға шақталған «Светлячок» балабақшасы тағы бар. Бұл жерде 1,5-5 жас аралығындағы балғындар тәрбиеленеді.

«Раисовское» ЖШС-нің басшылығы өз қарамағындағы жұмысшыларға айтарлықтай жағдай жасап келеді. Осыған дейін екі отбасына мынадай зәулім үй тұрғызып берген серіктестік тағы екі баспананың құрылысын аяқтауға жақын. Ерік Сұлтанов аталмыш серіксестіктің кеңсесімен де танысты. Бұл жерде өңір басшысына естелік ретінде бокстан өткен турнирден төсбелгі тарту етілді.

Өңір жетекшісі осы аудандағы Рузаевка селосында орналасқан «Тұқым» ЖШС-не де барды. Олар жанар-жағармай, ауылшаруашылық техникамен толық жабдықталған. Биылғы жылы мемлекеттен алған субсидия мөлшері 60 млн теңгеге жуық. Танап басына жиналған бірнеше серіктестік басшылары өз жетістіктерін айтып қалуға тырысты. Ауданның агроқұрылымдары биылғы жылы жалпы сомасы 2,7 млрд теңге болатын 110 бірлік техника сатып алыпты. «ҚазАгроФинанс» АҚ бағдарламасының аясында 1,9 млн теңгеге тағы 56 техника алған. «Ақ селеу» ЖШС-дегі орақ науқанының барысын осы шаруашылықтың басшысы Серік Малаев баяндады.

Серік Малаев- «Ақ Селеу» ЖШС басшысы.

-Қазіргі кезде егіннің 50 пайызын алдық. Астықты 16 центнерден жинап жатырмыз. Астықтың сапасы жақсы. Енді бір он шақты күнде егінді орып бітіреміз деген ойымыз бар. Мемлекет тарапынан берілген субсидия биылғы жылы аз емес. Біз жанар-жағармай бойынша 14 млн алдық. Қазір гербицид жағынан 8 млн алдық, тағы 8 млн. Барлығы – 16 млн-дай. Ал элиталық тұқым жағынан тағы 1,5 млн-дай алдық.

Танап басына жиналған агроқұрылым жетекшілеріне облыс әкімі әр сәтті тиімді пайдаланып, өнімді уақытында әрі ысырапсыз жинап алуды тапсырды.

Өңір басшысы ат басын бұрған келесі нысан – «Возвышенка СК»ЖШС. Агроқұрылым өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Диқандар биыл 11 363 гектарға дәнді, ал 400 гектар жерге майды дақыл еккен. Осы орайда облысымыздағы барлық ауданға барып, орақ науқанымен танысқан Ерік Сұлтанов күзгі өнімнің шығымдылығы мен сапасына тоқталды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Екі аптада бүкіл 13 ауданды аралап өттік. Орақ науқанына дайындық жақсы деп санаймын. 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы осы орақ науқанына шықты. Жаңбыр біздің жұмысымызды бір он күнге тоқтатып отыр. Ал қазір енді ауа райы түзелді. Бір он күнде жұмыс аяқтаймыз деп отырмыз. Осы жұмыстың ішінде 3,3 млн гектар дәнді дақылдар, оның 60 пайызы бүгінде орылды, ал майлы дақылдардың 21 пайызы орылды. Сонымен, екі аптада осы жұмыс аяқталады.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының жағдайын байқаған облыс әкімі ауданда төрт түліктің санын көбейту қажеттігіне екпін берді.

«Возвышенка СК» ЖШС-нде 900-ге жақын ірі қара мал бар. Қаржыландыру “ҚазАгроФинанс” арқылы жүзеге асырылуда. Одан алынған 400 млн теңгеге жуық қаражатқа таяу арада 313 бас бұзау сатып алыныпты.

Жалпы, Ғабит Мүсірепов ауданы малға қажет шөп-сабанмен толық қамтылған.


 

Фариза Жазитова.