Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бірқатар жерлестеріміздің еңбегі еленді

Еңбек күні елімізде алғаш рет тойлануда. Елбасы жарлығымен қабылданған бұл мереке жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясының басты мақсаты болып саналады. Осы маңызды күні облыс әкімі Ерік Сұлтанов солтүстік қазақстандықтарды құттықтап, мейрамның жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттап, жанұядағы көпжылғы еңбек дәстүрін нығайтуға бағытталғанын айтты.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Құрметті жерлестер! Ел игілігі жолында атқарған еңбектеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, табыс, отбасыларыңыздға амандық тілеймін. Халықымызда «Еңбек түбі- берек, берек түбі- мереке» деген қанатты сөз бар. Еңбектің арқасында еіліміз көркейді, халқымыздың тұрмысы жақсарды. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Еліміздің ырыс- береекесі арта берсін! Мереке құтты болсын!

«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» демекші бүгіндері жұмыс істеп, жанын баққысы келген адамға атқарар іс жетерлік,- дейді Гүлнар Жәмәлиева. Ол 5 жылдан бері Аққайың ауданындағы «Дайындық» ЖШС сауыншы болып жұмыс жасайды. Бүгін нәзік жандының еңбегі еленіп ол облыс әкімінің құрмет грамотасына ие болды

Гүлнар Жәмәлиева- «Дайындық» ЖШС аға сауыншысы, Аққайың ауданы.

-Ауылда жұмыс істегісі келетіндерге жағдай жасалған. Біз 25 сиырды сауамыз. Жұмысымыз ауыр емес.

Залға өңіріміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына маңдай терлерімен үлес қосқан түрлі сала өкілдері жиылған. Олардың кейбірі сүйікті кәсібіне саналы ғұмырын арнаған екен.

Қамажай Мағауина- «Дюймовочка» балабақшасының аспазшысы, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Мен балабақшада 1999 жылдан бастап аспазшы болып істеймін.

Еңбек күніне арналған салтанатты шара соңы, облысымыздың өнер ұжымдары әзірлеген концертке ұласты.

 

Магжан Ахмадина.