Өнеркәсіп

28 – Қыркүйек машина жасаушылар күні

Николай Карташов – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ технологы.

-Бүгінгі марапат менің еңбегімнің зая кетпегендігінің белгісі. Кәсіби мерекемізде осындай сый – сыйапатқа ие болып жатқаныма қуаныштымын. Бұл марапат менің жұмысқа деген ынтамды одан әрі арттыра түспек.

Қазір зауытта 700 – ден астам азамат еңбек етеді. Олардың басым бөлігін жастар құрайды. Салтанатты шара барысында сөз алған зауыт ардагері Геннадий Кириллов оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Геннадий Кириллов – «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ ардагері.

-Мен бұл зауытқа 1954 жылы 16 жасымда Темір ұстасы қызметіне орналасқам. Омірім бұл кәсіпорынмен тығыз байланысты. Еңбек өтілім 60 жыл. Зауыт қанша уақыт өтсе де дәрежесін жоғалтқан емес. Мұның барлығы ауызбіршіліктің арқасы. Барша әріптестірімді еңбек және машина жасаушылардың күнімен құттықтаймын.

Жиын соңы облыстық балалармен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

Самат Джакупов.