Ауыл шаруашылығы

Облыс алқаптарында орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Бұл – бар алқаптардың 68,6 пайызы. Қырмандарға алтын дәннің 2 млн. 601 мың тоннасы жеткізілген. Бүгінде бір гектардың берекелігі 14,5 центнерден айналуда. Егін орудан М.Жұмабаев ауданы алда келе жатыр. Олар егінжайлардың 78,1 пайызын еңсерген. Ал Аққайың мен Қызылжарлық аграрийлер жұмыстың 74,7 пайызын орындаған. Тимирязев пен Мамлюттіктер алтын дәнді жинауда баяулық танытуда. Облыс бойынша көрсеткіштер 68,6 пайызды құрайды.

Өңірде астық пен қатар майлы дақылдарды жинау жұмыстары қызу жүруде. Бүгінде олардың алқаптағы 259,1 мың гектары жиналды. Бір гектардың берекелігі шамамен 11,6 центнердің маңайында. Ал картоп гектарына – 185 центнерден айналуда. Көкөніс егілген алқаптардың 4,7 мың га жиналған.

 

Бану Ахметова.