Өнеркәсіп

Кәсібін сүйетін жұмысшылар

Мынау жүк вагондарына арналған композициялық тежегіш қалыптарының бір бөлігі. Мұндай тұтас метал қаңқасын дайындауға Әсемгүл Ағатаева жауапты. Оның мұнда еңбек етіп жатқанына 4 жыл болыпты. Бір сағаттың ішінде ол мұндай бөлшектің 1000 данасын дайындайды. Нәзікжанды жұмысым ауыр болса да өзіме ұнайды. Өйткені, серіктестікте қызмет етуге барлық жағдай жасалынған дейді.

Әсемгүл Ағатаева, “Трибо” ЖШС қалыптаушысы.

-Ерлерге тән жұмыс болса да маған қатты ұнайды. Жалақымызды дер кезінде береді. Мемлекетіміздің көмегін сезінеміз.

Серіктестікте 3 отбасы жұмыс істейді. Солардың бірі -Тасқариндер жанұясы. Үйдің отағасы Төлеген мен оның баласы Асланның мұнда еңбек етіп жүргендеріне 2 жыл болыпты.

Аслан Тасқарин, “Трибо” ЖШС қызметкері.

-Жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалынған. Жалақыны ай сайын уақытылы төлейді.

“Трибо” ЖШС-де бүгінгі күні 50 адам еңбек етеді. Орташа жалақылары 90 мың теңгені құрайды. Кәсіпорын жүк вагондарына арналған композициялық тежегіш қалыптарын ел нарығына шығарады. Ағымдағы жылдың өзінде мұндағылар 330 млн. теңгенің өнімін дайындаған. Жүк вагондарына арналған композициялық тежегіш қалыптар Қазақстанда үлкен сұранысқа ие. Олар бүгінде еліміздегі “Қазақстан темір жолы”, “Қазақтеміртранс”, “Қамқор Вагон” сынды компаниялармен тығыз қарым-қатынас орнатқан.

Ербол Әбиев, “Трибо” ЖШС қаржы директоры.

-Серіктестігімізде 50 адам істейді. Оның ішінде 8 әйел бар. Жұмысшыларға барлық жағдай жасалынған. Жұмыс киімінен бастап, тамақ ішітен бөлмелері де қарастырылған.

Айта кету керек “Трибо” серіктестігі еліміздегі жүк вагондарына арналған композициялық тежегіш қалыптарын шығаратын бірден-бір кәсіпорын.

 

 

Бану Ахметова.