Спорт

“Қызыл-Жар СК” командасы қарсыласын ойсырата жеңді

Топтық бәсекеде тең ұпаймен келе жатқан оңтүстіктің ойыншылары да өздерінің осал емес екендіктерін дәлелдеуде. Алғашқы болып гол өткізіп алған футболшылар өкінбей өткір шабуылдармен жауап қайтара білді. Алайда есепті теңестіру мүмкіндіктері сәтсіз болды. “Сен соқпасаң сенің қақапаңа соғады” деген қағиданы ұстанған жерлестеріміз 23 минутта есепті еселей түсті. Бұл жолы голдың авторы айып добын ұрған Әлішер Талғатов атанды.

Ал бірінші тайм аяқталуға шақ қалғанда команданың капитаны Александр Штайц тағыда мергендік танытып, дубль жасады.

Бірінші тайм алаң иелеренінің пайдасына 3-0 есебімен аяқталды.

Александр Штайц – “Қызыл-Жар СК” командасының капитаны.

-Қарсыластар мықты. Осал деп айта алмаймын. Алайда біздің ойын тәжірибеміз молырақ. Екінші таймда тағы гол соғамыз деген ойдамын.

Екінші тайм басталысымен қонақтар босаңсымай шабуылдауға аттанды. Алайда Александр Штайц бастаған жігіттер оларға сыр бермей, қақпаға төнген қауіптің бетін дер кезінде қайтарып отырды. Үзілісте бапкерлердің берген кеңестерін екі тарапта орындауға тырысты. Дегенмен, бір допты қуып шаршаған ойыншылар алға ұмтылмай қысқа пастармен орталық алаңда баяу қимылдай түсті. Бұған көңілі толмаған бапкерлер қарқын қосу үшін ойыншыларды алмастырды. Қарсыластардың 3 рет осал жерін тапқан алаң иелері, қонақтарды қыспаққа алып, кездесудің 49 минутында Георгий Татымов есепті 4-0 жеткізді.

Сөйтіп кездесу алаң иелерінің пайдасына 4-0 мен шешілді.

Қайрат Ертай – “Мақтаарал” командасының бас бапкері.

-Турнирлік кесте бойынша 3-і келе жатыр едік. Өткен ойында “Қыранды” жеңіп үш ұпай алғанбыз. Енді теріскейліктерден ұтылып қалдық. “Қызыл-Жар СК” мықты команда. Біздің осы маусымдағы мақсатымыз үздік ондыққа ілігу.

Бұл жеңістен кейін жерлестеріміз топтық кезеңде 6 ұпай жинап, бірінші орыннан келесі плэй-офф кезеңіне жолдама алды.

 

Риат Шони.