Ауыл шаруашылығы

Облыс алқаптарында орақ науқаны жүріп жатыр

Облыс бойынша гектар берекелігі 14,3 центнерден айналуда. Ырыс дәнін орудан Мағжан Жұмабаев, Аққайың мен Қызылжарлықтар алда келеді. Ал Тимирязев пен Ақжар аудандары әзірге көш соңында. Егінді бастырудан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев пен Қызылжар аудандары жақсы нәтиже көрсетуде.

Ал Шал Ақын, Тимирязев және Ақжарлықтардың қарқыны бәсең. Өңір алқаптарында дәнді дақылдармен қатар, майлы тұқымдас өсімдіктерді ору науқаны да жүруде. Облыстағы майлы дақылдардың 244,7 мың гектары дестеге түссе, 50,8 мыңы бастырылған. Мұндағы орташа өнімділік 11,3 центнер. Оған қоса бүгінгі таңда 25 мың гектар алқаптан картоп, 4,7 мың гектар аумақтан көкөніс жинап алынды. Ондағы картоптың берекелігі гектарына 182 центнерден, ал көкөніс 257 центнерден айналуда.

 

Сагыныш Маркашева.