МТРА жаңалықтары

“Қолжетімді баспана – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

Евгений Шевелев-№1 құрылыс учаскесінің шебері.

-Мен ең алдымен жұмыстардың сапалы орындалуын қадағалап отырамын. Қателік кетсе, олқылықтың орнын толтыру менің мойнымда. Жалпы баспана барлық талаптарға сай тұрғызылуда. Жаңа жылға дейін 3 қабатты көтеру мақсаты тұр.

93 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы шілде айында басталған. Қазір мұнда жұмыстың нағыз қызған шағы. Баспананың бой көтеруіне 540 миллион теңге қарастырылған. Оның 178 миллионы тиісті мақсатқа бөлініп, жартысына жуығы иегіріліпті. Мердігер компания – “Основание” серіктестігінің басшысы Сергей Тимофеев қазіргі таңда бірқатар қиындықтардың бар екендігін айтып отыр.

Сергей Тимофеев- «Основание» ЖШС директоры.

-Ең алдымен, тұрғын үйге инжинерлік желілерді орнатылу керек еді, бірақ, тиісті жұмыстар уақтылы жүргізілмеді де, біз бірден құрылысты бастап кеттік. Қазір су,жылы, кәріз құбырларын орнатуымыз қажет. Уақыт аз қалды. Ертеңгі күні ауа райы қолбайлау болуы мүмкін. Ал басқа жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Бес қабатты тұрғын үйдің жалпы аумағы 4725 шаршы метрді құрайды. Бүгінде мұнда 30-дан астам азамат қызмет етуде. Басшылық алдағы уақытта жұмысшылардың санын арттыруды көздеп отыр. Баспана келер жылдың шілде айында халық игілігіне тапсырылады деп жоспарланған.

 

 

Самат Джакупов.