Билік

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Қызылжар және Есіл аудандарында болды

Ерік Сұлтанов мұнда Қызылжар ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесті. Ауданда бүгінгі күні 301 шаруашылық жұмыс істейді. Олардың барлығы биыл 134 мың 500 гектарға дән еккен. Бүгінгі күні астықтың жартысынан астамы қамбаға түскен.

Михаил Христевич – “Лесное” ЖШС директоры.

-Орақ науқанына 7 қыркүйектен бастап кірісіп кеттік. 6 мың 304 гектар алқаптың бүгінгі күні 55 пайыздан астамын жинап алдық. Табиғат ана оң қабақ танытса, алдағы 10 күндікте науқанды аяқтаймыз.Еш проблема жоқ. Техника, жанар – жағармай барлығы жеткілікті.

Аграрилермен тілдескен аймақ басшысы Ерік Сұлтанов, қолда бар мүмкіндіктерді тиісінше пайдаланып, күзгі дала жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды. Облыс әкімі сондай-ақ мал шаруашылығын қатар алып жүру керектігін баса айтты. Бұл ретте алдағы уақытта өсімдік шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі қысқартылып, олар ірі қара өсіруге бағытталмақ. Өңір жетекшісінің назарынан “Петерфельд – Агро” серіктестігі де тыс қалмады. Олар 4,5 мың гектарға дән сіңірген.

Айта кету керек, шаруашылық асыл тұқымды мал басын ұстайды. Ал мынау жергілікті астық қабылдайтын кәсіпорын. “Боголюбов және К” серіктестігіне тиесілі бұл нысанның сыйымдылығы 46 мың тонна. Бүгінгі күні мұнда танап басынан 3 мың тоннаға жуық өнім жеткізілген. Ал “Зенченко және К” командиттік серіктестігі болса, картоп және жүгері жинауға кірісіпті. 270 мың гектар алқаптың жартысынан астамы жиналып алынған. Гектар берекелілігі – 280 центнерден айналуда. Серіктестік биыл 40 гектар алқапқа пияз сіңірген. Басшылық бір аптадан соң өнімді жинап аламыз, – дейді.

Геннадий Зенченко – “Зенченко және К” КС директоры.

-Биыл пияздың шығымы жақсы деп айта аламын. 20 гектардан, 750 тоннадан артық өнім теріп алдық. Жаз уақытында оны суарып отырдық.

Геннадий Зенченко облыс әкімін елді – мекенде тұрғызылып жатқан спорт сарайының құрылысымен таныстырды. Маусым айында ірге тасы қаланған нысан, бұйыртса келер жылдың наурызында халық игілігіне берілмек. Ерік Сұлтанов Есіл ауданында “Атамекен – Агро – Корнеевка” серікстегінің тогында болды. Қазір мұнда тазалау қондырғысы жиналып жатыр. Жұмыстар алдағы 10 күнде толығымен аяқталмақ. Облыс әкімі Есілдік диқандармен де кездесті. Бүгінде ауданда 80 серіктестік, 200 жуық шаруа қожалықтары жұмыс істеп тұр.

Николай Козленко – “Пушкинское” ЖШС директоры.

-Биыл 13 мың 500 гектарға дән сіңірдік. Оның 8 мыңы бидай болса, қалғандары майлы дақылдар. Жалпы алқаптың 40 пайызын жинап алдық. Жауын – шашынның салдарынан жұмысымыз тоқтап тұр.

Медальбай Әбдірахманов – Есіл аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы.

-Аудан бойынша бидайдың 66 пайызын құлатып, 48 пайызын жинап алдық. Астық берекелілігі 14- 20 центрнер. Күн ашық болса алдағы екі апта көлемінде науқынды аяқтаймыз деген жоспардамыз.

Облыс әкімі ауылдықтардан қысқа қаншалықты дайын екендіктерін де сұрап білді. Жалпы қазір Солтүстік Қазақстан өңірі қысқы маусымға сақадай сай. Бұдан соң өңір жетекшісі Бұлақ ауылындағы “Әулие Голд Майнинг” серіктестігіне барды. Болашақта мұнда алтын өндіру жұмыстары қолға алынбақ.

Александр Кононенко – «Әулие Голд Майнинг» ЖШС директорының орынбасары.

-Айдың соңында серікстестікке соңғы үлгідегі қондырғылар жеткізіледі. Сосын оны құрастыруымыз қажет. Бүгінгі күні жалпы жұмыстардың 65 пайызы орындалды. Өндірісті қараша айының соңында іске қосамыз.

Сондай-ақ облыс әкімі серіктестік жұмысышыларына арналып тұрғызылып жатқан жатақхананың құрылысымен де танысты. Ол 90 адамға шақталған. Кәсіпорын толықтай іске қосылған жағдайда мұнда 120 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұдан соң Ерік Сұлтанов “”Азия – Таранғұл” серіктестінің танап басында Есіл ауданының диқаншыларымен кездесті. “Агрохаимснаб” шаруашылығының жетекшісі облыс әкімінен жанар – жағармайға қатысты туындаған мәселені шешіп беруін сұрады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Сейчас этот вопрос решается. Думаю, в начале октября нам отдадут. Мы заявили 15 тысяч. 15 поддерживают. Всего 53 тысячи.

Кездесу барысында облыс әкімі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алдына бірнеше тапсырма қойды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Мемлекет басшысы бізге мал шаруашылығымен айналысуды жүктеп отыр. Алайда Есіл ауданы бұл кәсіп жанданбай отыр. Барлық бағдарламалар тиісті деңгейде орындалуы қажет. Аудан әкімі жағдаймен жақсы таныс. Жылдың аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Дей тұрғанмен қол қусырып отыра бермей, шара қолдану керек. Олқылықтың орнын тым болмаса келер жылы толтырғанымыз абзал.

Жол мәселесі де келер жылы шешімін таппақ.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Жолдың жағдайы нашар. 51 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда. Бұл ретте мен Елбасына инновациялық тәсілді қолдануды ұсындым. Мемлекет басшысы құптады. Нәтижесінде біз 5 жыл шінде облыс жолдарын қалпына келтіреміз. Егер жыл сайын республикалық бюджеттен бізге 10 миллиард теңге қаржы бөлінетін болса, біз тағы 5 милиардын бөлеміз. Жоба жүзеге асса, біз келер жылы 700 – 750 шақырымға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

Облыс әкімі жұмыс сапары соңында “Ильинское” серіктестігінде болды.

 

 

Самат Джакупов.