Салық басқармасы

Жолаушы тасымалдаушылар салық органдарында тіркелуі керек

Алмаз Усманов – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы бөлімінің жетекшісі.

-Бірлескен апатты базарларда, соның ішінде авто, темір жол вокзалдарында және аэропорттарда жолаушыларды тасымалдау қызметтерін ұсыну бойынша қызметтерін тоқтату бойынша қысқа мерзімді шаралар жоспары бойынша уәкілетті органдармен бірлесе отырып Петропавл қаласы бойынша салық басқармасымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырып жүрген, тұлғаларды табу бойынша шаралар жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда, қала бойынша 1036 тұлға заң аясында жолаушы тасымалымен айналысады. Осы орайда, халықты қажетті жеріне жеткізіп, ақша табатын өзге көлік иелері де міндетті түрде салық органдарына тіркелулері керек. Оған қажетті құжаттар саны айтарлықтай көп емес.

Алмаз Усманов – Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы бөлімінің жетекшісі.

-Жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес тек 3 құжат ұсынылады. Ол бекітілген форма бойынша өтініш, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік тіркелу үшін жинау сомасын төлеу жөніндегі түбіртек, ол ағымдағы қаржы жылына 3704 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкердің орналасқан орнын растайтын құжаты болуы тиіс.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін жеке тұлға салық органдарына келіп өтініш береді, немесе оны “электронды үкімет” веб-порталына арқылы тапсыру мүмкіндігі қарастырылған. Салық органының қызметкерлері заңсыз жұмыс жасап жүрген такси жүргізушілерін анықтау мақсатында рейдтік шараларды жиі жүргізуді мақсат еткен.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.