Қоғам

“Тіл-парасат” байқауы өтті

Татьяна Беккер, байқауға қатысушы, Ғ. Мүсірепов ауданы.

-Қазақ тілін сүйіп оқимын. Қазақ ақын, жазушылардың шығармаларының ішінде Мағжанның шығармаларын көп оқимын.

Бұл оқушылардың барлығы қалалық және аудандық деңгейдегі байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған. Енді, қазақ тілін жетік меңгергендіктерін облыстық кезеңде көрсетпек. Бүгін барлығы орыс ұлтының 14 өкілі сайыстың бірнеше кезеңдерін бағындырмақ.

Әсем Сүлейменова – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы.

-Байқау 4 кезеңнен тұрады. Жазбаша тапсырамалар көп. Соңғы кезеңде үй тапсырмасын орындайды.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтарға ие болмақ. Мұнымен қатар, бас жүлдеге ие болған оқушы өңір намысын ел көлемінде өтетін байқауда қорғайтын болады.

 

Бану Ахметова.