Құқық қорғау органдары

“Бір шаңырақ астында”

Сайысқа қатысушылар ән айтып, билеп, салт-дәстүрді қаншалықты білетіндіктерін паш етті. Сонымен қатар ұлттық тағамды әзірлеу сынды тапсырмаларды орындады. Олар қазақ, орыс, неміс, өзбек, татар, әзірбайжан халқының мәдениеттерін көрсетті. Жалпы солтүстікқазақстандық полицейлердің қатарында 20-ға жуық әр ұлт өкілдері қызмет етеді. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды татар мәдениетінің өкілдерінен жасақталған құрама жеңді. Екінші орын қазақтарда. Ал үзік үштікті орыс мәдениеті өкілдері тұйықтады. Барлық қатысушылар Петропавл қаласы ІІБ-ы бастығының дипломдарымен, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Риат Шони.