Қоғам

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған шара

Назым Кәкімова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің мұғалімі.

-Барлығы жақсы көңіл күймен өтіп жатыр. Оқушылардың биі, әні – барлығы да өзіміздің көңілімізден шықты. Жалпы айтқанда, осындай мерекелер көп өткенін қалаймыз, әр түрлі тілде.

Осыдан кейін Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері шығып, татар әнін тарту етті.
Әлбетте, бүгінгі жиында құттықтаулар мен әндер бірнеше тілде айтылды. Ең бастысы, тілдері әр түрлі болса да, жүректері ұлттардың достастығы деп соққан азаматтар бір-бірін жақсы түсінісуде. Орталық қызметкерлері өз араларында әрі келушілерге арнап шағын болса да шуақты концерт ұйымдастырып, айтулы күнді ерекше атап өтуді ұйғарған.

Бүгін шақырылған өнерлі қонақтарға қоса орталық қызметкерлері де барын салып көңілден шығуға тырысты. Айгүл Ысқақова да мерекелік іс-шараға қатысуға бірден келіскен.

Айгүл Ысқақова, “СҚО бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы” РМК филиалы кеңсе қызметінің жетекшісі.

-Мұндай шараларды жыл сайын ұйымдастырып, дәстүрге айналдыру қажет деп ойлаймын. Өйткені, осылайша еліміздегі ұлттар достастығын насихаттау – татулықтығымызды нығайтуға септеседі.

Концертті орталыққа кірген кез-келген адам тамашалай алды. Соңынан барлығы мерекелік мол дастарханнан дәм татты.

 

 

Данаш Хамзина.