Мәдениет

Петропавл қаласында “Мастер и Маргарита” қойылымы сахналанды

Меймандардың әртістік шеберліктері мен құлақ құрышын қандырар сиқырлы әуендерді солтүстікқазақстандық көрерменді бірден баурап алды. Басты кейіпкер Маргаританың рөлін Светлана Фортуна осымен 7 жылдан бері сомдап жүр. Бүгін де ол көрерменнің алдына өзіне жақсы таныс образда шықты.

Светлана Фортуна – акртиса.

-Сахна төріне шыққанда, мен өз кейіпкерімнің қайғы-мұңын, тағдырын ойлаймын. 2 сағат бойы сол әйгілі романның өмірінде боламын.

Астаналық актерлер өлмес туындының кейіпкерлерін ғана емес, сонымен қатар олар өмір сүріп жатқан екі дүниенің кейпін айна-қатесіз көрсете алды. Солтүстікқазақстандық көрермен 30-шы жылдардағы Москва қаласы мен Мастердың ойлап тапқан әлеміне саяхаттады. Міне, мына көріністе Понтий Пилат Иешуа Ганоцриді жазаға аттандырып жатыр. Бұл кейіпкерлердің рөлін Виктор Житков пен Иван Анопченко сомдады. Актерлік шеберлігін сайтанның кейпінде болған Роман Чехонадский де тамаша жеткізді.

Қансорғыш әйелді елордалық актрисса Маргарита Мухаметдиева сомдады. Ал, Бегемот-мысық көрерменнің көңілін аулаумен болды. Оны Болат Кирибаев сомдап шықты. Басты рөлдегі Мастер кейпінде – Денис Анников. Айту керек, туындының театрлық нұсқасы, нақты түпнұсқасынан біршама әсерлі болып шықты.

Еркін Қасенов – ҚР еңбегі сіңген қайраткер.

-Біз Петропавл қаласына келіп, көрермендермен кездесуге қуаныштымыз. Мастер и Маргарита қойылымын жас және әйгілі режиссер Гүлсен Омарғалиева қойып отыр. Бізбен 10 жыл қатарында жұмыс істер келеді. Бұл шығарманы Ресейде де сәтті сахналадық.

Кейіпкерлердің жан толғанысын көрермендерге еркін жеткізе алған актерлер жергілікті көрерменнің ықыласына бөленді. Солтүстікқазақстандықтар оларды зор қошеметпен шығарып салды.

Петропавл қаласына М. Горький атындағы академиялық орыс драма тетары 5 күнге келген. Олар “Ханума” атты музықалық комедия мен “Бір түп алма ағашы” драмасы және одан да басқа туындылар сахналамақ.


Сагыныш Маркашева.