Ауыл шаруашылығы

Облыстағы егін ору науқанының барысы

Бүгінде бір гектардың берекелігі 14,2 центнерден айналуда. Егін орудан 69 пайызбен Аққайың ауданының диқандары алда келе жатыр. Қызылжарлықтар да үздіктер көшінен қалыс қалмаған. Олар жұмыстың 64 пайызын еңсерген. Есіл ауданының көрсеткіші де жақсы. Бүгінде мұнда маңызды шаруаның 64 пайызы атқарылған. Шалақындықтар астықты жинауда баяулық танытуда. Бұл ауданның аграқұрылымдары дәннің әзірге 31 пайызын соққан. Ал, бұл көрсеткіш облыс бойынша орта есеппен 60 пайызды құрап отыр.

Өңірде майлы дақылдарға да әлдеқашан орақ түскен. Бүгінде оның 204 мың гектары жиналды. Бір гектардың берекелігі шамамен 11 центнердің маңайында.

Ал картоп гектарына – 171, көкөніс 157 центнерден терілуде.

 

 

Сагыныш Маркашева.