МТРА жаңалықтары

Ашық есік күні ұйымдастырылды

Несібелді Жәнібекова, СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы.

-Біздің сот елбасының үкімімен 2012 жылы ашылды. Мұндай шараны ай сайын өткіземіз. Біз жастарға қатысты істерді қараймыз.

Мұнда келген жастар өз сұрақтарын қойып оған тұшымды жауап ала алды.

Сұрақ.

-Сіздер сондай-ақ, балаларды асырап алу істерін де қарайсыздар. Айтыңызшы, шетелден келіп немесе бізде тұратын жандардың жеткіншектерді асырап алу жағы қалай жүргізіледі.

Жауап.

-Әрине баланы асырап алу мәселесіне қатысты да бізден көмек сұрайды. Көбіне бұл іске қатысты жергілікті азаматтар арыз түсіреді. Баланы асырап алу мәселесін сотта шешпес бұрын, жергілікті жеріндегі қорғаншылық және қамқоршылық органына кезекке тұру қажет. Асырып алатын баланың жынысы мен жасы көрсетілуі керек.

Ал, жалпы баланы асырап алуға өтініш білдіргендердің 90 пайызы жергілікті азаматтар болыпты. Ал, келесі ашық есік күні қазанның 3-і ұйымдастырылады.

 

 

 

Бану Ахметова.