Қоғам

Колледж студенттерімен теріс ағымдар жайында әңгіме өтті

Гүлмира Бейсембина – СҚО дін істері жөніндегі басқармасы жанындағы “конфессияаралық қарым-қатынасты талдау орталығының” ҚММ сарапшысы.

-Қазіргі Қазақстанның жағдайын өздеріңіз білесіздер, яғни экстремистік-террорлық әрекеттерді алдын-алу шаралары бойынша колледждер мен жоғарғы оқу орындарына, мектепке барып, оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олардың диструктивтік мәні бар ағымдармен таныстырып, оған түспеу жолдарын түсіндіріп, тек дәстүрлі дін жолында жүру керектігін түсіндіреміз.

Өз кезегінде жастар дінімізге жат ағымдардың арбауына түсіп кетпеу жайын білетіндіктерін жеткізді. Десе де олар осы іспетті отырыстардың жиі ұйымдастырылып тұрғанын құп көреді. Буыны бекімеген жастар арасында әсіресе, дәстүрлі дінді насихаттау қажет дейді студенттер.

Гауһар Түйебаева – 2 курс студенті.

-Қазіргі жастар көбінесе интернетте отырғандықтан, видеороликтерді көреді де, ата-аналарына ештеме айтпай, өздерінше шешіп, сол жолға кетіп қояды. Менің ойымша, бұл дұрыс емес, біріншіден осындай кездесулердің арқасында олар өзінің түбінде жатқан сұрақтары болса соларды қойып, сол мазалап жүрген сұрақтарын айтса жақсы болар еді.

Соңғы 20 жылдың ішінде еліміздегі заңды түрде тіркелген діни бірлестіктер мен ұйымдардың саны 6 пайызға артқан. Өскелең ұрпақ өкілдері ресми дінді қауіпті ағымдардан ажырата алуы тиіс. Сондықтан, шара барысында студенттердің назарына мемлекеттің тұтастығына қауіп төндіретін түрлі секталар мен терроризм жайлы түсірілген деректі фильм ұсынылды. Кейін олар облыстық дін істері жөніндегі басқарманың мамандарына өз сұрақтарын жолдады.

 

 

Бакыт Садуакасов.