Бизнес және экономика

СҚО әкімдігі мен “Қазақстанның даму банкі” АҚ меморандум жасасты

Ринат Сисембаев- “Қазақстанның даму банкі” АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

-Біз облыстағы бірнеше кәсіпорынның жұмысымен танысып, қуаттылықтарды бағамдап көрдік. Бір байқағанымыз облыстың әлеуеті жоғары екен. Осыған дейін 7 жобаны бірлесіп іске асырған едік. Солардың ішінде ең ірісі – Петропавл құбыр зауытында жүзеге асқан жоба. Қазірде бұл зауыт өрісін кеңге жайды.

Аталмыш банк инфрақұрылым мен шикізаттық экономика секторларын дамытуды көздейтін қаржы институты ретінде 2001 жылы құрылған болатын. 13 жылда Қазақстанның даму банкі мемлекет экономикасын қолдау үшін 8,6 миллиард ақш долларын бағыттапты.

Думан Әубәкіров – “Қазақстан даму банкі” АҚ жобалық дирекция жетекшісі.

-Солтүстік Қазақстан облысына келген себебіміз – біздің банктің қызметімен таныстыру, облыстың бинес өкілдерімен кездесу, жобаларын көру дегендей. Өзіміздің қызметімізбен таныстыру. Алдағы қойған мақсатымыз – мемлекеттік үдемелі-инновациялық бағдарламасы бойынша өңірдегі жобаларды қаржыландыруға келіп отырмыз.

Отырыста облыс кәсіпкерлері меймандарға көкейде жүрген сауалдарын да жолдай алды. Мысалға, “Трансагроинвест” компаниясының директоры Вячеслав Адамов Сергеевка қаласында тәулігіне 300 тонна қант өндіретін зауыт ашпақ ниетте. Кәсіпкер банктен несие алу үшін жылжымайтын не болмаса жылжымалы мүлкін кепілге қоя алады.

Сондай-ақ, меймандар қаладағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен де танысты.

 

Бакыт Садуакасов.