Спорт

Корея елінде өтетін жазғы Азиада ойындарында ел намысын қорғайтын алтыншы солтүстікқазақстандықтың есімі белгілі болды

Споршы 2 жыл көлемінде “Astana Pro Team” велокомандасының атынан жарыстарға шығып жүр. Осы аралықта ол 10 шақты халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған. Жерлесіміз Азиада ойындарында Алексей Луценкомен бірге топтық жарыста өнер көрсетпек. Естеріңізге сала кетейік, жазғы Азиада ойындары қыркүйектің 19-ы мен қазанның 4-і аралығында Оңтүстік Кореяда өтеді. Дүбірлі жарыста Руслан Тілеубаевтан бөлек, жеңіл атлеттеріміз Маргарита Мукашева, Ирина мен Евгений Эктовтар, велосипедші Артем Захаров пен Алексей Луценко бақталастырмақ.

 

Бакыт Садуакасов.