Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар “отбасы күнін” атап өтті

Ирина Колодаева – Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы директорының орынбасары.

-Орталықта ашық есіктер күні ұйымдастырылып отыр. Мерекеге орай, 50-ден астам шығармашылық ұжым өкілдері өз номерлерін дайындап әкелді. Облыстық орталықта екі үлгілі хореографиялық ұжым бар, ол “Қарлығаш” пен “Дружные ребята” ансамбльдері. Сондай-ақ, “Қуанамын” би ансамбліне “ұлттық” ұжым атағы берілген.

Міне, сахнада “Капельки” эстрадалық ансамблінің әншілері өнер көрсетуде. Олардың ашық даусы мен әртістік шеберліктерін көрермендер жоғары бағалады. Ансамбльдің жас әншісі Алмас Букиров бүгін үлкен сахнада ән айтып қана қоймай, концерт жүргізуді де өз мойнына алған.

Алмас Букиров – “Капельки” ансамблінің әншісі.

-Ән айтып жүргеніме 8 жыл. Ал, “Капельки” ансамблінің құрамында жүргеніме 4 жылдың жүзі. Бүгін мен концерттік бағдарламаның жүргізушісімін. Сондықтан, аздап қобалжып тұрмын.

Қаламызда отбасы күні мерекесі екінші рет тойлануда. Мейрамға орай ұйымдастырылған барлық шаралар жұртшылықтың көңілінен шықты. Өз ризашылықтарын жас әртістерге соққан ду қол шапалақтарымен білдірді.

Сондай-ақ, бұл күні балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығында суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өткізілді.

 

 

Сагыныш Маркашева.