Құқық қорғау органдары

«Мас жүргізуші – қылмыскер» акциясы аяқталды

Сондықтан, осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін өңірдің тәртіп сақшылары қыркүйектің 10-ы мен 14-і аралығында кезекті рет «Мас жүргізуші- қылмыскер» атты акциясын ұйымдастырды. Рейдтік шараның нәтижесі көңіл көншітпейді. 5 күн ішінде жол сақшылары мас күйінде темір тұлпар тізгіндеген 100-ден астам солтүстікқазақстандықты тоқтатқан. Бұдан өзге жолда жүру ережесін бұзудың 1600 фактісі тіркелді.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы.

-Жылдамдықты асырудың 135, қарсы бағыттағы жолға шығудың 40 фактісі тіркелді. Тағы 408 солтүстікқазақстандық жүргізушіге қауіпсіздік белгісін тақпағаны үшін және көлікті жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлескен 260 азаматқа қатысты хаттама толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

 

 

Магжан Ахмадина.