Қоғам

Балаларға арналған алаңқайдың орнына сауда орталығы салынуы мүмкін

Альфия Еременко – Интернационал көшесіндегі № 38 үйдің тұрғыны.

-Бізде мұнда бос орын жоқ. Міне көліктер қаптап тұр, бізге отыратын жерде жоқ.

Надежда Щербинина – Бостандық көшесіндегі №17 үйдің тұрғыны.

-Біздің шағын учаскеге тиісудің қажеті жоқ. Бұл бізге тиесілі аумақ. Жалпы бұл әрекет қандай заңның аясында іске асуда?

Тұрғындар бұл құрылысқа жол бермеу үшін қалалық прокуратураға арыз жазған. Арнайы тексерістер ауланың бір бөлігі 2006 жылы заңды түрде сатылғанын анықтады. Тұрғындар бұл жауапқа қанағаттанбай, облыстық прокуратураға арыз жазған соң ғана, бұл іс өз орнынан қозғала бастапты. Қадағалаушы органның талабы бойынша бұл іс сотта қаралған. Жауапкер – жер қатынастары бөлімі.

Әсел Құсайынова – “Бостандыкская,17” ПИК өкілі.

-Жауапкер өзінің шағымында оларға берілген участокқа тұрғындардың еш құқығы жоқтығын айтты. Бірақ сот отырысында аумақтық жер инспекциясы келісімшартты жарамсыз деп тапты.

Ақыры құрылыстың заңсыз екені анықталды. “Эврика” тұтынушылар кооперативінің төрайымы Ирина Яуфман мұндай жәйттерге бірнеше рет тап болғанын айтуда. Интернационал көшесіндегі 38 үйден бөлек, ол Абай көшесендегі тағы бір баспананың ауласын сәтті қорғап алған. Қаланың ортасындағы жер кәсіпкерлер үшін жіліктің майлы басындай дейді ол.

Ирина Яуфман – “Эврика” ТК төрайымы.

-Мұндағы жұмыстар былтыр басталған болатын. Құрылыс бірден күмән туғызды. Алдымен, фирма өкілдері темір қазықтарды орнатты. Барып сұрақтар қойып, арнайы құжаттарын талап еттік. Құрылыс иесіне де бардық, бірақ ол дөрекі жауап қайтарды. Бұдан кейін біз құзырлы органдарға жүгіндік.

Ауланың территориясын сатып алып-сату шартын сот жарамсыз деп тапса да, шешім өз күшіне әлі енген жоқ. Өйткені, жерге иелік ететін жеке кәсіпкер онымен келіспей, аппеляцияға өтініш түсірген. Алайда тұрғындар да алған бағыттарынан қайтпақ емес. Олар өз құқықтарын қорғап, жоғарғы сотқа дейін бармақ.

 

 

Риат Шони.