Спорт

Минск қаласында жеңіл салмақ санатындағы боксшылар арасында өткен Eurasia Pacific Boxing Council турнирінде жерлесіміз

Осылайша, 30 жастағы солтүстікқазақстандық спортшы кәсіби саладағы өзінің 23-ші жеңісіне қол жеткізді. Жанат Жақиянов барлығы 24 рет жекпе-жекке шыққан. Ал, 8 кездесу өткізген грузиялық боксшы үшін бұл алғашқы жеңілісі болды. Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Морокко қаласында Жанат Жақиянов Еуропаның EBU версиясы бойынша чемпион титулын алған болатын. Сол кезде қазақстандық боксшы Еуропаның чемпионы француз Карим Гуирфиді 5-ші раундта нокаутқа жіберген еді. Жерлесіміз шаршы алаңдағы жеңістерін өз еліне арнап отыр. Спортшы енді қарашаның 12-сінде Австралияда өтетін дүбірлі додада Еуразия мен Еуропаның чемпионы титулын қорғайтын болады. Қазіргі уақытта біздің боксшы WBC рейтингі бойынша 2-ші орында тұр.

 

Риат Шони.