Қоғам

Петропавлда бірнеше күні су болмайды

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры.

-Таза ауыз су берілгенше үйдегі құбырдан аққан су мен құдықтардағы тіршілік көзін тұтынуға болмайды. Біз өзімізде судың қажетті көлемдегі қорын дайындаймыз. Сондықтан жетпеген жағдайда кәсіпорынға келіп таза ауыз су алуға болады.

“Қызылжар су” серіктестігінің қызметін бүгінде 89 мыңнан астам тұтынушы пайдаланады. Солардың 9 пайызының кәсіпорынға берешектері бар. Соңғы уақытта қарыздарын айлап төлемеген борышкерлерді жауапкершілікке тартып, берешектерін төлету үшін арнайы “крот” құрылғысы іске жаратылуда.

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры.

-Осы аппараттың көмегімен біз қарызы бар пәтерлердің кәріздік құбырларын бікетіп тастаймыз. Құрылғы өте ыңғайлы. Бүгінгі таңда берешегі бар 35 баспананың иесі кәріздік жүйесін пайдалана алмай отыр. Крот аппаратына қосымша тапсырыс бердік. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Сондай-ақ, су берушілер қарызгер тұтынушыларына тиімді акцияның өтіп жатқанын хабарлауда.

Ирина Першина, “Қызылжар су” ЖШС өтім қызметінің жетекшісі.

-Біздің кәсіпорын тамыздың бірі мен қазанның біріне дейін “қарызыңды өсімпұлсыз өте” акциясын өткізуде. Тұрғындар қарызын 100 пайыз өтесе, өсімпұл төлемейді. Бүгінгі күні дебиторлік қарыз 22 млн теңгені құрайды. Сот орындаушыларының көмегімен жарты жылда бұл сомманың 3 млн-ын қайтардық. Бұл жерде аталмыш акция мен крот аппаратының да пайдасы тиді.

Барлық тазалық шаралары жүргізіліп, тиісті жұмыстар атқарылған соң, қыркүйектің 15-сінде сағат таңғы 6-дан кейін тіршілік көзі қайта берілмек.

 

 

Бану Ахметова.