Ауыл шаруашылығы

Облыста күзгі жиын-терім жалғасуда

Бұл 1 млн 352 мың гектардан артық аумақ. Орақ науқаны басталғалы облыста 911 мың га алқаптағы егін дестеге түсірілді. Бастырылған астықтың салмағы 1 млн 265 мың тоннаны құраған. Гектар берекелігі 13,9 центнерден айналуда. Қазіргі уақытта астық жинау бойынша 43,5 пайыздық көрсеткішпен М.Жұмабаев пен Тайынша аудандары көш басында келеді. Ал Шал ақын мен Ақжарлық аграрийлердің орақ науқанындағы белсенділігі көңіл көншітерлік емес. Алтын дән мен қоса майлы дақылдар да жиналуда. Бүгінгі күні аталмыш тұқымдастырдың 103,5 мың гектары құлатылды. 10 мың гектар алқаптағы өнім жиналды. Орташа түсім 6,5 центнерді құрап отыр.

Қазіргі уақытта 12 мың гектар алқаптағы картоп жиналды. Гектар берекелігі 167 центнерді құрайды. Сонымен қатар көкеністерді жинау да жалғасуда. Әзірше 1800 гектар аумақтағы бақша дақылдарының өнімділігі 129 центнерді құрап отыр.

 

Бану Ахметова.