Ауыл шаруашылығы

Азық- түлік корпорациясы бидайды сатып алу бағасын белгіледі

Кұдайберген Қалиев – «Азық- түлік келісім шарт корпорациясы»ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің менеждері.

-Өткен жылмен салыстырғанда биыл сапаға ерекше көңіл бөлінетін болады. Балауыздылығы неғұрлым жоғары болса, бағасы да қымбат болмақ. Мысалы, кілегейлігі 23-24 болатын жұмсақ бидай, құн салығын төлеген шаруалардан 35 мың теңгеден сатып алынатын болады. Бұл баға жауапкерлішігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар үшін, ал шаруа қожалықтарының өнімдері 3 пайызға төмен қабылданады. Ол 33 490 теңге.

Бұдан өзге корпорация 2-ші сұрыпты арпаның тоннасын 24 мың теңгеден сатып алады. Өңір шаруаларының құлағына алтын сырға, көктемгі дала жұмыстарына алынған несиелерді қайтаруды да ұмытпау қажет.

Кұдайберген Қалиев – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің менеждері.

-Азық- түлік корпорациясы тауарөндірушілерге «Солтүстік» ӘКК арқылы алынған қаржыны қайтаруды сұрайды. Ол 1,5 млрд теңгені құрап отыр.

Биыл республика бойынша тұрақтандыру қорына сатып алынатын бидайдың көлемі 1 млн тоннаны құрамақ.

 

 

Магжан Ахмадина.