Құқық қорғау органдары

Адам сату фактісі тіркелді

Абай Оспанов,СҚО ІІД ұйымдастырылған қылмыспен күрес бойынша басқарма басшысының орынбасары.

-Біздің қызметкерлер жедел-алдын алу шараларын жүргізу барысында адам саудасымен айналысқан облыс орталығының тұрғынын ұстады. Олар қыздардың тәнін сатумен айналысқан.

Қазір жеңгетайлар уақытша ұстау абақтысына жабылды. Сөйтіп олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Абай Оспанов, СҚО ІІД ұйымдастырылған қылмыспен күрес бойынша басқарма басшысының орынбасары.

-Шара барысында сезіктілердің газетке хабарландыру бергендігі анықталды. Егерде хабарландыру бойынша жігіттер қоңырау шалса, олар бос орын жоқ деп жауап берген. Өйткені жеңгетайларға тек қыздар ғана керек болған. Дегенмен, күдіктілер ер адамдарға өздерінің таныс қыздарын әкелсе, ақшалай сыйлық беретіндерін де айтқан.

Енді қылмыскерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары барысында адам саудасымен айналысқан жанұяның өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілмек.

 

 

Бану Ахметова.