Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшылар Алматы қаласында сурдоолимпиадалық спорт түрлерінен өткен жазғы республикалық Бірінші спартакиададан оралды

Жалпы командалық есеп бойынша олар 9-шы орынға тұрақтады. Теріскейлік спортшылар жекелей сында да жақсы нәтиже көрсетті. Үстел теннисінен жұптық сайыста Илнур Юнусов пен Марина Алимбаев қола алқаға ие болды. Ал, Андрей Радченко ұзындыққа секіріп, 3-ші орынды иеленді. Анастасия Моргунова ұзындыққа және үштікке секіруден күміс алқа иеленсе, Вадим Левун 100 метрге жүгіруде 3-ші болып келді.

Жерлестеріміз Қырғызстанда құлағы нашар еститін спортшылар арасында шағын футболдан өткен халықаралық турнирге де қатысып, жеңіспен оралды. 7 құраманың бәсекесінде біздің команда 2-ші орынды еншілеген. Бүгінде “Үміт” клубында есту қабілеті нашар 50-ге жуық адам спортпен айналысады. Қазіргі уақытта спортшылар қазанның 18-і мен 24-і аралығында Кореяда өтетін Параазиялық ойындарға дайындалуда. Дүбірлі додада ел намысын қорғайтын жеңілатлеттердің құрамында біздің жерлестеріміз – Сергей Харламов, Сергей Усольцев, жүзгіш Владимир Эрман және пауэрлифтингпен айналысатын Руслан Долобаев та бар.

 

Данаш Хамзина.